«Дауыл соғады»: Қала әкімдігі Астана тұрғындарын сақ болуға шақырды

Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында тұрмаңыз.

Наурыз 29, 2024 - 11:37
Наурыз 29, 2024 - 11:38
«Дауыл соғады»: Қала әкімдігі Астана тұрғындарын сақ болуға шақырды

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазгидромет мамандарының мәліметінше, бүгін елордада жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

"Қала тұрғындары мен қонақтары көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болғаны жөн. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында тұрмаңыз. Сымдар мен белгілерге жақындамаңыз. Көлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз", - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар кезінде астаналықтар 109 қызметіне хабарласа алады. Бүгін қаланың барлық коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow