Қарағандыда журналист жоғалып кетті
Республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген Максим Объедков жоғалып кетті.
«Вечерний Караганда» сайтының жазуынша, ол 17 маусым күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған.
Ол бойы — 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқ киім, басына қара қалпақ киіп шыққан.
«Вечерний Караганда» басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.
Сіздің реакцияңыз қандай?