Анасы өлтірген болуы мүмкін: Қарағанды облысында екі баланың мәйіті табылды

Сәуір 5, 2024 - 16:57
Сәуір 5, 2024 - 17:18
Анасы өлтірген болуы мүмкін: Қарағанды облысында екі баланың мәйіті табылды
фото: baq.kz

Қарағанды облысында екі баласын өлтірді деген күдікпен ұсталған ана қамауға алынды, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«4 сәуірде Бұқар Жырау ауданының ауылдық жерлерінің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2-4 жас шамасындағы екі баланың денесі табылды. Қылмысты жасады деген күдікпен олардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Аталған іс Қарағанды облысы ПД бастығының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow