Ақмола облысында әскери қызметкер сүйген қызын өлтіріп, тонап кеткен
Қызды су толтырылған ваннаға сүйреп апарып, батырып жіберген.
Ақмола облысында әскери қызметкер букмекерлік кеңседегі қарызынан құтылу үшін сүйген қызын өлтіріп, тонап кеткен, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
20 жастағы сарбаз сүйіктісінде қомақты ақша бар екенін білген. 200 мың теңге қарыз беруін өтініп үйіне келген. Бірақ қыз қыраз беруден бас тартқан соң, жігіт оны диванға жатқызып, жастықпен тұншықтыра бастаған.
Бойжеткен есінен танып қалған соң оны су толтырылған ваннаға сүйреп апарып, батырып жіберген. Қыз көз жұмды.
«Жігіт қыздың алтын бұйымдарын, iPhone телефоны мен 180 мың теңгесі бар әмиянын, құжаттары мен банк картасын алып, шотынан бірден букмекерлік кеңсенің жеке шотына ақша аударған», – делінген хабарламада. Сот күдіктіні 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?