Израиль армиясы Газа секторымен шекарада бақылау орнатқанын хабарлады

Қазан 10, 2023 - 19:24
Қазан 20, 2023 - 09:55
Израиль армиясы Газа секторымен шекарада бақылау орнатқанын хабарлады

Израиль шекарада орнатқан қоршауды Газа секторы жағынан бұзып өткен бульдозердің қасында жүрген адамдар. 7 қазан, 2023 жыл.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторымен шекарадағы бақылауды толық қалпына келтіргенін мәлімдеді.

"Өткен тәулікте қоршаудан бірде-бір террорист өткен жоқ" деді ЦАХАЛ-дың ресми өкілі Даниэль Хагари журналистерге.

Израиль армиясының есебінше, ел аумағында ХАМАС тобының бірнеше өкілі жасырынып жүр. Жаңа ақпаратқа сәйкес, "Израильде шабуыл басталғалы 1500 террористің көзі жойылған".

10 қазан таңертең Израильде ХАМАС шабуылынан қаза тапқандар саны 900-ден асып, Израильдің Газа секторына жасаған қарымта соққысынан 700-ге жуық палестиналық өлген деген ақпарат тарады. Қаза тапқан адамдардың арасында Тайланд, Аргентина, АҚШ және Ресей сияқты шет мемлекеттердің азаматтары да бар.

Израиль қорғаныс армиясы офицерлерін ХАМАС тобы кепілге алған адамдардың отбасыларына сол жөнінде хабарлауға жұмсаған. Израильдің мәліметінше, 150-ге жуық адам тұтқында болуы мүмкін. ХАМАС "егер Израиль Газа секторындағы бейбіт халыққа ескертусіз соққы берсе, тұтқындарды тікелей эфирде өлтіре бастаймыз" деп қоқан-лоқы көрсеткен.

Израиль армиясы түнде Газа секторындағы 200-ден астам нысанаға, соның ішінде "мешіттегі қару-жарақ қоймасы" мен "террористер бекінген биік мұнараға" шабуыл жасағанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow