Грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Тамыз 3, 2024 - 11:22
Тамыз 3, 2024 - 11:23
Грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: euronews.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлерінің тізімін жариялады.

Грант тізімін мына сілтемеден жүктеп алуға болады.

Грант тағайындау конкурсына 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Бір грант орнына ең үлкен конкурс «Стоматология» мамандығында болды.

Бұл мамандық бойынша 35 талапкер бір орынға таласты. Ары қарай «Халықаралық қатынастар және дипломатия» (11 адам), «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» (10 адам), «Аударма ісі» және «Психология» (9 адам) болды.

Грантқа үміткерлер арасында балдар теңдігі жағдайында басым құқыққа ие болатын 22 мыңнан астам талапкер, олардың ішінде «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Сондай-ақ, грант үйлестіру барысында әлеуметтік осал санаттағы балалардың квоталары ескерілді. Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру 25 тамызға дейін созылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow