Газа секторында Қазақстан азаматшасы қаза тапты
Газа секторын атқылау кезінде Қазақстанның азаматшасы қаза тапты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
“2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке қарай, онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да қаза тапты”,-деп хабарлады Сыртқы істер министрінің баспасөз қызметі.
Қаза болған әйелдің күйеуі Палестина азаматы болған және олар Газа секторында тұрған.
Сіздің реакцияңыз қандай?