Батыс өңірінің уақыты Астана уақытымен теңесуі мүмкін

Қазан 19, 2023 - 16:30
Батыс өңірінің уақыты Астана уақытымен теңесуі мүмкін

Қазір арнайы құрылған жұмыс тобы осы мәселені зерттеп жатыр.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу мәселесін зерделеп жатыр, деп хабарлайды sadaqmedia.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Айта кетейік, қазір әлеуметтік желіде 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарының сағаты Астана уақытымен теңеседі деген ақпарат таралған.

«Депутаттардың, ОМО өкілдерінің, жұртшылық пен ғылыми ұйымдардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Алайда, қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ. Шешім мәселені егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін, сондай-ақ жұртшылықпен кеңінен талқыланғаннан кейін қабылданады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазір Қазақстан аумағында уақыт екі әкімшілік белдеуге бөлінген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow