«Ғашық болып қалған»: Динара Қырықбаеваның жаңа видеосы елді ойландырып қойды

Жүрек кім көрінгенді таңдамайды, дейді әнші.

Шілде 30, 2024 - 14:49
Шілде 30, 2024 - 14:50
«Ғашық болып қалған»: Динара Қырықбаеваның жаңа видеосы елді ойландырып қойды
фото: әлеуметтік желіден

Қазақтандық танымал әнші Динара Қырықбаева желіде жаңа видео жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды. Көпшілік өнер иесінің жеке өмірінде өзгерістер болып жатқанын болжады.

Динара Қырықбаева көлікте әндетіп келе жатқан видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Желідегілердің пайымдауынша, өнер иесі бейнежазбада ерекше бақытты болып көрініп тұр.

"Жүрек кім көрінгенді таңдамайды. Ол өзіне жақын жанды бірден сезеді", - деген жазба қалдырды әнші.

Оқырмандар қауымы бірден видеоны қызу талқылап, шоу-бизнес жұлдызын сұрақтың астына алды. Олардың басым көпшілігі әнші арудың ғашық болып қалғанын болжады.

"Бір кісі ғашық болып қалған сияқты", "Күшті болып отырсың, сондай бақытты", "Бағың ашылсын. Мына күлкіге бір ер азамат себепкер секілді", "Ғашық екені айдан анық көрініп тұр. Бақытты болыңыз", "Сіздің бақытты болып, күлімсіреуіңізге кім себеп болды екен?", "Сүйіктіңізді жолықтырғансыз ба?", "Сіздің жүрегіңізді жаулап алған қай сері жігіт екен", - деп жазуда олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow