«Forte bank» орыстандыру саясатын жасап жатыр»: банктың экс-қызметкері мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Мамыр 15, 2024 - 16:01
Мамыр 15, 2024 - 16:16
«Forte bank» орыстандыру саясатын жасап жатыр»: банктың экс-қызметкері мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
фото: orda.kz

Бос жұмыс орнына жариялаған хабарландыруында "қызметкерге қазақ тілін білу маңызды емес" деген сөзге көпшілік наразылығын білдірген еді. Бұл ситуацияда Forte Bank компаниясы жасанды интеллект яғни роботтан кеткен қателік деп жауап берді. Алайда көп ұзамай Forte Bank-тың бұрынғы қызметкері бұл мәлімдемені жоққа шығарды, деп хабарлады janabastau.kz.

Банктың экс-қызметкері Мағжан Ысқақов әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты видео үндеу жариялады.

"Форте банктың мәселесіне барлығы жазып жатыр. Форте банктың өзі де жазып жатыр. Роботтың жіберген қателігі емес. Осыдан 3-4 жыл бұрын Forte bank-те жұмыс жасаған кезде бұл система әлі де актуалды еді. Орыс тілін білетіндерге немесе орыс тілін міндетті түрде білетіндерге жұмыста көтерілуге, баспалдақ бойынша жоғары көтерілуге жоғары мүмкіндік жасалатын да, ал қазақ тіліне айтарлықтай көңіл бөлінбейтін. Қатты көңіл бөлінбейтін, сол себепті айтылып жатқан соңғы посттарындағы қазақ тілін құрметтеуге байланысты, роботтың жіберген қателігіне байланысты оның бәрі өтірік әңгіме", - деді банктың бұрынғы қызметкері Мағжан Ысқақов.

Мағжан Ысқақовтың айтуынша, Forte bank орыстандыру саясатын жасап жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow