5 жасар баланы құтқарған Ақан Әлімжановқа 1 миллион теңге сыйға берілді

Мамыр 22, 2024 - 17:32
Мамыр 22, 2024 - 17:40
5 жасар баланы құтқарған Ақан Әлімжановқа 1 миллион теңге сыйға берілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Ақан Әлімжановпен және оның отбасымен кездесіп, қайғылы жағдайдың алдын алғаны үшін алғыс білдірді. 

«Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде. Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз», - деп жазды елорда әкімі Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow