Ертең елімізде дабыл қағылып, телерадио өшеді
21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстанның барлық аумағында дабыл жүйесі қосылып, телерадио хабарлары бір сәтке сөнеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұл шара азаматтарды "Баршаның назарына!" дабыл сигналына дұрыс әрекет етуді үйрету мақсатында өткізіледі.
"21-22 қараша аралығында Қазақстанда "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, ол мемлекеттік органдар мен мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесі күштерінің төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайындығын тексеруге бағытталған. Оқу-жаттығуға басшылықты Көкшетауда орналасқан республикалық штаб ұйымдастырды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері.
Ведомство азаматтарды сабырлық сақтауды және дабыл оқу-жаттығу сигналы екенін есте сақтауды сұрады, ал сиреналарды қосу - тұрғындар мен қызметтердің төтенше жағдайларға дайындығын арттыру бойынша жоспарланған шаралардың бір бөлігі.
Бұған дейін 31 қазанда алматылықтардың телефоннан естілген дабыл жұртты шошытқан еді. Бұл лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу болған.
Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабының мәліметінше, бүгін Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен Алматы қаласының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар жүргізілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?