Қаңтар оқиғасы:Төрт жасар Айкөркемнің ісі бойынша айыпталушы ақталды
Сот қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем Меделханның ісі бойынша айыпталушы болған Арман Жұманды ақтады, деп хабарлайды sadaqmedia.
Айта кетейік, қаңды қаңтар кезінде төрт жасар Айкөркемге оқ тиіп, қаза болған. Әкесі Айкөркем мен тағы екі баласын ертіп, дүкен іздеп шыққан.
Бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс биыл 13 шілде күні қайта жанданған болатын. Айкөркемді атып өлтірді деген күдікпен әскери қызметші Арман Жұман ұсталған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?