«Арнайы мен үшін ғана тігілген»: Ерке Есмаханға күйеуі 12 миллион теңгенің сөмкесін сыйлады

Осыдан 10 жыл бұрын дәл осындай сөмке ұстаймын деп ойламадым.

Наурыз 7, 2024 - 12:21
Наурыз 7, 2024 - 12:21
«Арнайы мен үшін ғана тігілген»: Ерке Есмаханға күйеуі 12 миллион теңгенің сөмкесін сыйлады

Танымал әнші Ерке Есмахан өзіне арнап тігілген қымбат сөмке сыйлыққа алғанын айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.  

Осыдан 10 жыл бұрын, қомақты табыс тауып бастағанда, дәл осындай сөмке ұстаймын деп ойламадым. Ауылдан шықтым, Ақтөбеде тұрып, Алматыға келдім. Керемет орталарды көріп, көп нәрсені түсіне бастадым. Бала күнімнен сәнге жақынмын. Аңыз сөмкені қатты армандадым. Міне, күйеуімнің арқасында орындалды, – дейді ол.

Өнер иесі тапсырысын 2 ай күткенін жасырмады.  

Әрине, әңгіме сәнді киінуде емес. Ең маңыздысы – деннің саулығы. Бірақ әр әйелдің ішкі сезімін рахатқа бөлеп, өмірін әдемі ететін дүниелер бар. Оған ұмтылудың еш айыбы жоқ. Өзімнің арманым, әрі күйеуімнің қолдауының арқасында армандаған сөмкені алдым. Бағасы – 12 миллион теңге. Тапсырыс беріп, екі ай күттім. Арнайы мен үшін ғана тігілген. Көлемі – 25 сантиметр. Осы жылдың тренд түсі, – деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow