Абай облысында бір адамды тасқын су ағызып әкетті
Осылайша суға кеткендер саны төрт адамға жетті.
Абай облысы Үржар ауданында 23 жастағы азаматты тасқын су ағызып кетті, деп хабарлаы КТК арнасы.
Осылайша суға кеткендер саны төрт адамға жетті. Құтқарушылар Аягөз ауданында ағып кеткен үш адамды да бір аптадан бері іздеп жатыр.
Суға кеткен малшы мен екі тракторшыны іздеуге иісшіл иттер мен құтқарушылар жұмылдырылды. Ал Үржар ауданындағы тасыған өзенге ағып кеткен азаматтың өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжам бар. Мамандардың айтуынша, ол денсаулығына байланысты медициналық есепте тұрған екен. Суға кеткен төрт адамды 80 жуық құтқарушы іздестіріп жатыр.
“Қазір бар күш-құрал Көкпекті ауданына жұмылдырылған. 200-ден астам жеке құрам, 28 техника сол жерде жұмыс істеп жатыр”, – деді Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаев.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облысындағы су тасқынында 3 ер адам із-түзсіз жоғалып кеткені туралы жазған едік.
Сіздің реакцияңыз қандай?