Еліміздің батыс аймағында жер сілкінді

Қыркүйек 24, 2024 - 17:34
Қыркүйек 24, 2024 - 17:36
Еліміздің батыс аймағында жер сілкінді
Фото: assicuraci.it

Еліміздің батыс аймағында жер сілкінісі тіркелді.

Ұлттық деректер орталығы таратқан ақпаратқа қарағанда, жер сілкінісі бүгін, 24 қыркүйекте түстен кейін болған.

Ұлттық ядрлық орталығы геофизикалық зерттеулер институты желісінің стансалары 2024 жылғы 24 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 14:20 шамасында (GMT 09:20) зілзаланы тіркеген.

«Батыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік — 46,07 градус, шығыс бойлық — 53,30 градус. Магнитудасы — 4,1. Энергетикалық класы — 9,2» делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow