«FlyArystan» 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады

Азаматтық авиация комитеті әуе компаниясына тексеру жүргізеді.

Тамыз 9, 2024 - 14:14
Тамыз 9, 2024 - 14:15
«FlyArystan» 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады
фото: vlast.kz

«FlyArystan» әуе компаниясы 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

«Бұл өрескел жағдай. Жолаушылардың құқығы әрқашан мүлтіксіз сақталуы керек. Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесе «FlyArystan» авиакомпаниясына қатысты жан-жақты тексеру жүргізеді», – делінген Азаматтық авиация хабарламасында. 

Мәлімдемеге сәйкес, кінәлі қызметкерлер жауапқа тартылады.

Айта кетсек, қазақстандық Жазира Мусина 20 шілдеде оның егіз қызы Америкадан елге оралғанын жазды. Олар басқа балалармен бірге сенімхат берілген адамның қарауымен Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуға тиіс болған. Айтуынша, «FlyArystan» әуе компаниясының қызметкерлері егіздердің тек бір сыңарын, Зәуре есімді қызды тіркеп, Зерені тіркемеген. Балаға жауапты адамға техникалық себептерге байланысты қызды кейін тіркейтінін, бортқа өздері отырғызатынын айтып сендірген. Алайда 12 жастағы қыз басқа балалармен Оралға ұшудың орнына, Астана әуежайында жалғыз өзі ересектердің қарауынсыз қалып кеткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow