Елімізде прокатқа шықпаған фильмге бюджеттен 1 миллиардқа жуық қаржы бөлінген

Қазан 8, 2024 - 12:23
Қазан 8, 2024 - 12:23
Елімізде прокатқа шықпаған фильмге бюджеттен 1 миллиардқа жуық қаржы бөлінген
Фото: Pixabay.com

Алматы прокуратурасын мәдениет комитеті төрағасының орынбасары ұлттық киноға бөлінген ақшаны дұрыс игермегенін анықтады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Алматы прокуратурасы 2019-2023 жылдарға ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатын игеруге қатысты тексеріс жүргізді.

“Ұлттық фильмдердi қаржысы тиiмсiз игерілгені анықталды. 2019-2021 жылдар кезеңінде "Выбор" кинофильміне 500 миллион теңге бөлінді. Алайда аталған фильм прокатқа сол күйі шықпады”, – деп мәлімдеді прокуратура.

"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қаржылық қолдау, ұлттық фильмдерді және соған байланысты іс-шараларды шығаруды, прокаттауды және көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық фильмдерді шетелде көрсету үшін ұсынылады. Оның үстіне, аталған фильмге прокаттау куәлігі алынбаған, бұл заңға қайшы келеді.

Мемлекет заңнамада көзделген прокаттан және фильм көрсетілімінен түсетін кірістің 20 %-ын алу мүмкіндігінен айырылған.

Сонымен қатар 421 миллион теңгеге қаржыландырылған "Тырналар" фильмі прокатқа шыққан жоқ.

“2019 жылдан бастап фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілмеген, ол елдің барлық кинотеатрларында кинокөрсетілімдер мен сатылған билеттер бойынша, сондай-ақ фильмнің бюджеті бойынша статистиканы қадағалауға мүмкіндік берер еді”, – деп мәлімдеді Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қадағалау актісі бойынша мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Азамат Белқайыров тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow