Елімізде күн сайын кемінде 10 адам суицид жасауды ойлайды - статистика
Жыл сайын елде 3,5-4 мың адам суицид жасайды еке.
Қазақстанда күн сайын кемінде 10 адам суицид жайлы ойлайды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Басылым мәліметінше, Қазақстанда суицид жасайтындар саны әлдеқайда азайған. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, биыл қаңтар-шілде аралығында 2,1 мың адам суицид жасаған, бұл былтырмен салыстырғанда 7,2 пайызға аз. Суицид жасағандардың көбі 30 жастан асқандар.
Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда суицидтен болатын өлім-жітім статистикасы әлі де тұрақсыз. Жыл сайын елде 3,5-4 мың адам суицид жасайды. Бұл бір күнде кемінде 9-10 адам суицид жайлы ойлайды деген сөз.
Кейбір талдауларға сәйкес, қазақстандық қоғамда жасөспірімдер арасындағы және тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдер арасында өзіне қол жұмсайтындар көбейген. Ер адамдар арасында да өзіне қол жұмсайтындар бар. Мысалы биыл қаңтар-шілде аралығында тіркелген суицидтің 74,9 пайызын ер адамдар жасаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?