Елдос Сметов өзіне берілген су жаңа көлікті алғашқы бапкеріне сыйлады

Тамыз 9, 2024 - 12:26
Тамыз 9, 2024 - 12:27
Елдос Сметов өзіне берілген су жаңа көлікті алғашқы бапкеріне сыйлады

Дзюдодан Париж Олимпидасының чемпионы Елдос Сметов өзіне берілген су жаңа көлікті алғашқы бапкеріне сыйға тартты.

Елдос Сметов туған жері Тұрар Рысқұлов ауданына барды. Жерлестері чемпионды сән-салтанатпен күтіп алған. Халық спортшыға жылы лебіздерін білдіріп, тарихи жеңісімен құттықтады.

Аудан әкімдігі Елдос Сметовке шапан жауып, су жаңа “Haval” көлігін сыйлаған. Ал Сметов бұл көлікті өзінің алғашқы бапкеріне сыйға тартты. 

“Нағыз Олимпиада чемпионы! Үлкен алғысымды айтамын бұл кісіге. Қандай көлік мінгізсек те аздық етеді! Қазақтың тарихын бес рет жаңарту бастамасын ашып берген кісі – Ахмет Жұмағұлов атамыз”, – деді Елдос Сметов. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow