Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі туралы жаңартылған кестеде Сметов бірден 17 жолға көтеріліп, қазір бесінші орында тұр.

Тамыз 8, 2024 - 12:26
Тамыз 8, 2024 - 12:26
Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді
Фото: Buda Mendes/Getty Images

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына қосылды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 2024 жылғы Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алғаннан кейін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингіндегі жағдайын едәуір жақсартты.

Sports.kz хабарлағандай, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі туралы жаңартылған кестеде Сметов бірден 17 жолға көтеріліп, қазір бесінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow