«Бұл сұмдықты мен де бастан өткердім»: Баян Мақсатқызы Бишімбаевтың әйелін соққыға жыққан сәттегі видеоға қатысты пікір білдірді

Сәуір 4, 2024 - 12:47
Сәуір 4, 2024 - 12:49
«Бұл сұмдықты мен де бастан өткердім»: Баян Мақсатқызы Бишімбаевтың әйелін соққыға жыққан сәттегі видеоға қатысты пікір білдірді

Отандық танымал продюсер әрі актриса Баян Мақсатқызы бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың мейрамханада марқұм Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Бұл сұмдықты мен де бастан өткердім, мұндай күйде ер адам жанашырлық дегенді мүлде білмейтінін сеніммен айта аламын», - деп жазды Баян Алагөзова.

Естеріңізде болса, 2016 жылғы маусымда Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан. Ол ауыр халде Талғар аудандық ауруханасына жатқызылды. Экс-күйеуі адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылып, алты жылын қатаң режимдегі колонияда өткізді.

Тағы оқыңыз: «Бұл өте қорқынышты»: Бишімбаевтың екінші әйелі де қысым көріп жатқанын айтты

Айта кетейік, бұл күндері елорда сотында «Салтанат Нүкенованы өлтірді» деген  айып тағылған Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow