Маңғыстау борышын өтеп жүрген сарбазға оқ тиіп, көз жұмды
Оқ қатардағы жауынгердің бетіне тиген.
Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбаз көз жұмды, деп хабарлады “Лада” басылымы.
Ақпаратқа сәйкес 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Салдарынан оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.
Сарбаз жедел ауруханаға жеткізілгенімен, 17:40 шамасында көз жұмды. Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?