Екібастұз кен орнында 24 адам отырған автобус жыраға түсіп кетті

Павлодар облыстық полиция департаментінің берген мәліметіне сәйкес жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші техниканы басқара алмай қалған.

Тамыз 12, 2024 - 16:42
Тамыз 12, 2024 - 16:47
Екібастұз кен орнында 24 адам отырған автобус жыраға түсіп кетті

Павлодар облысы, Екібастұз кен орнында көмір өндірумен айналысатын «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккендердің барлығы аталған кәсіпорын қызметкерлері.

Павлодар облыстық полиция департаментінің берген мәліметіне сәйкес жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші техниканы басқара алмай қалған.

12 тамыз күні Екібастұз қаласындағы кәсіпорындардың бірінің аумағында «ПАЗ» маркалы автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен», — деді  жергілікті ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, оқиға кезінде автобус ішінде кәсіпорынның 24 қызметкері болған.

Мердігерлік компанияның «ПАЗ» маркалы автобусы сағат 8.45 шамасында Ковыльная станциясы жағынан кенішке түсіп бара жатқан жолда сақтандыру дуалына соғылған, — деп толықтырды «Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.

Автобуста болғандардың барлығы түрлі дәрежеде дене жарақаттарын алған. Олардың барлығы жергілікті ауруханаға жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow