Бекболат Тілеухан Астанада бой көрсетті

Қыркүйек 9, 2024 - 11:23
Қыркүйек 9, 2024 - 11:31
Бекболат Тілеухан Астанада бой көрсетті

Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындардың ашылу салтанатында даулы экс-депутат Бекболат Тілеухан бой көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен бірге отырды. 

Бекболат Тілеухан әуелі композитор әрі музыкант ретінде танымал болды. Тоқсаныншы жылдары саясатқа араласып, алдымен мәдениетке жақын ведомстволарда жұмыс істеді, кейін Мәжіліс депутаты болды. 

Бекболат Тілеухан 2021 жылдың соңында Мәжілістен кеткен-тін. Онысын Түркияға қызметке шақыруымен байланыстырған. Кетерінде журналистпен соттасып, қоғамда шу туды. Оның алдында экс-депутатқа Алматыдағы феминистердің митингі ұнамай, ол оны "біздің рухани құндылықтарымызға шабуыл" деп атады. Бір сұхбатында Нұрс-Сұлтанға Астана атауын қайтаруға қарсылық білдірді.

Қаңтар оқиғаларынан кейін Бекболат Тілеухан Түркияда тұрады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow