Домбырашы Әлібек Қайырбек Эльбрус шыңының ең биік нүктесіне шығып «Адай» күйін шертті (видео)
Қазақстандық домбырашы Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы Эльбруста домбырамен «Адай» күйін шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
26 жастағы астаналық музыканттың айтуынша, Эльбрус шыңына бір аптада көтерілген. Ал дайындық алты айға созылыпты.
Әлібек – музыкант, бірақ музыкадан бөлек, тауға шыққанды ұнатады. Қазақстандық Эльбрус шыңына көтерілген командада 15 альпинист болғанын айтты.
«Ал домбыраға келсек, ол жеңіл. Сол себепті кез келген жағдайда зақымдануы мүмкін. Сондықтан сынып қалмас үшін оны кәдімгі орамалмен орап алдым. Сыртынан қаптағанға жұмсағырақ материал алдым. Төменге қарай құлап кетпеуге тырыстым. Домбыра зақымданған жоқ», – деді домбырашы.
Сіздің реакцияңыз қандай?