Діни басқарма «бандит имамға» қатысты мәлімдеме жасады
«Аударылып қал, Аллаһу акбар!» деп ауыр сөздер айтып, бір таксистпен төбелесіп жатқан имам туралы жазған едік.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы «Аударылып қал, Аллаһу акбар!» деп ауыр сөздер айтып, бір таксистпен төбелесіп жатқан имамға қатысты түсініктеме берді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде такси жүргізушісі мен ер адамның жанжалдасқан видеосы тарағанын жазған едік. Көпшілік «Аллаһу акбар, аударылып қал!» деген ауыр сөзді айтқан адам Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін жазған болатын.
Алайда мүфтият бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Бахтияр Жақсылықов есімді азаматтың такси жүргізушісімен кикілжіңге келіп, дөрекі әрекет көрсеткені және оның «имам» екені талқылануда.
Осы орайда Бахтияр Жақсылықовтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызмет жүйесінде жұмыс істемейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларынан анықталмаған хабарды таратпауын сұраймыз», - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?