Бишімбаевтың әкесі Құранды орысша оқиды (ВИДЕО)

Құранды орысша оқығаны несі?

Сәуір 26, 2024 - 13:47
Сәуір 26, 2024 - 13:51
Бишімбаевтың әкесі Құранды орысша оқиды (ВИДЕО)
Фото: parlam.kz

ТикТок әлеуметтік желісінде Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың видеосы тарады, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Видеода соты өтіп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әке-шешесін байқауға болады. Оларды видеоға кім түсіріп отырғаны белгісіз. Атышулы сотқа Ресейден арнайы келген нейропсихолог Грейс Бишімбаевтардың отбасында қонақта болған деген сыбыс бар. Видеоның авторы да мәскеулік нейропсихолог сияқты. Әлеуметтік желіде тараған жазбада Уәлихан Бишімбаев Құранды орысша оқып, дұға жасайды. Жанында отырған әйелі Альмира Нұрлыбекқызы «қазақша оқысайшы» десе де, дұғаны орысша жалғастырған Уәлихан Бишімбаевтың әрекетін сынап пікір жазған желі қолданушысы көп.

«Орысқұлдар», «Құранды орысша оқығаны несі», «Осындай адамның баласы ғой Қуандық» дескен пікірлер көптеп жазылуда.


@plastink01 Лушче бы пришли к родителям Салты ???? #пожизненно #заСалтанат #салтанатнукенова #россия #новостисегодня #адвокат #суд ♬ оригинальный звук - ???????????????????????????????? ???????????????????? ????

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow