Дархан Қыдырәлі: Черчесовтің жалақысын неге жасырады?

Қараша 8, 2024 - 11:35
Қараша 8, 2024 - 12:41
Дархан Қыдырәлі: Черчесовтің жалақысын неге жасырады?

Сенат отырысында депутат Дархан Қыдырәлі Қазақстан футбол федерациясында қаржылық ашықтық болмауының артында жемқорлық тұр ма деген сауал қойды, деп хабарлайды Orda.kz.

 Қыдырәлі премьер-министр мен Бас прокурорға жолдаған сауалында отандық футбол төңірегіндегі дау-дамайлардың көбейіп кеткенін жеткізді. Оның айтуынша, ұлттық құрама бас бапкерінің жалақысы Еуропаның жетекші команда бапкерлерінің жалақысынан бірнеше есе жоғары. Сонымен қатар депутат Черчесовтің басшылығымен құрама қарсыластарына бірде-бір гол салмай антирекорд орнатқанын көпшіліктің есіне тағы салды. Сенатор ҚФФ бюджеті 10 миллиард теңге екенін айтты.

«Оның нақты жалақысы қанша екені белгісіз. Бұл ақпаратты федерация кімнен жасырады? Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті футбол командаларында ойнайтын легионерлердің жалақыларын да жарияламайды. Биыл легионерлерге шектеу қойылды. Бірақ кейде алаңға 11 шетелдік ойыншы шығып жатады. Ал премьер-лигаға қатысты көптеген сын айтылуда», — деді сенатор.

Сондай-ақ, ол соңғы мачтар нәтижесі қазақтандықтарды ашуландырғанын да атап өтті.

 «Атырау — Ақтөбе және Атырау — Астана ойындары көптеген қазақстандықтарды ашуландырды. Жеңісті кімге беру керектігін анықтаудағы шешімдер жанкүйерлердің наразылығын туғызуда. Бұл шешімдердің артында сыбайлас жемқорлық жоқ па?» — деп сұрады Қыдырәлі.

Еске сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Станислав Черчесов  қазақ тіліне байланысты сынның астында бір емес екі рет қалды. Тіпті оған  айыппұл да салынған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow