Демеу Жадыраев күміс жүлдені қанағат тұтты

Тамыз 7, 2024 - 23:25
Тамыз 7, 2024 - 23:33
Демеу Жадыраев күміс жүлдені қанағат тұтты
Фото: Olympic.kz

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық балуан күміс алды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында жапондық спортшыға есе жіберді.

Айта кетейік, Демеу алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны таза жыққан. Келесі кезеңде Демеу Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты 3-1 есебімен жеңген болатын. Жартылай финалында Әзірбайжан өкілі Санан Сулеймановты айқын басымдықтен жеңді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow