Бишімбаев изоляторда төбелес шығарған
Дереккөз Бишімбаев жанжал кезінде 1986 жылы туған сотталушының денесіне көптеген дене жарақаттарын салғанын жазды.
Желіде Астана қаласының тергеу изоляторында экс-минмстр Қуандық Бишімбаев төбелескені туралы ақпарат тарады, деп жазды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Түрмеде қамауда отырған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен М.А. арасында тұрмыстық кикілжің туындап, оның соңы төбелеске ұласып кеткен.
Бұл туралы «Кримнальный Қазақстан» телеграм-арнасы жазды.
Дереккөз сотталушы Бишімбаев жанжал кезінде сол камерада отырған 1986 жылы туған басқа сотталушының денесіне көптеген дене жарақаттарын салғанын жазады.
Оқиғаға қатысты ҚАЖК өкілдері пікір білдірді.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді", - деп жазылған хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?