Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жеткізілді

Ол азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған.

Шілде 23, 2024 - 15:27
Шілде 23, 2024 - 15:27
Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жеткізілді
Фото: Halyq Uni

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберілді. Ақпаратты ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

«Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберіледі», - делінген ақпаратта. 

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың жазасын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейтіні айтылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow