«Атымды шығара алмай жүрген адам емеспін»: Сара Тоқтамысова ауылына мешіт салып берді
Айтыскер Сара Тоқтамысова ауылына мешіт салып берді. Бұлжайында ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Сара Тоқтамысованың сөзінше, мешіт салу туралы ұсынысты жолдасы айтқан.
Көңілім босап отыр. Ауылға жеттік . Құрылыстан кейін мешітті өзім де бірінші рет көріп отырмын. Бір бұрышына отырып жылап қалдым. Алла қасиетті үйіңді салғызуға мүмкіндік бергеніңе шүкір. Мейірімді Алла кішкентай арманымды орындағаныңа шүкір. Ешқашан азан үні естілмеген ауылымнан күмбезін жарқыратып мешіт соғуға себепкер қылғаныңа шүкір. Отағасы Есіліме мың алғыс. Ең бірінші сол кісіден туған ұсыныс. Төбемде Алла көріп тұр. "Еліңнің батасын алдың , ата-анаң да осы ауылдан шықты , біздің ауылдарда қос-қостан мешіт бар. Сенің ауылыңа бір мешіт бастайық , өз ретімен болады" деген жан жарымның сөздері одан сайын шабыт берді.
Бұл мешіт басталғаннан айналамдағы шын жанашырларым өз көмегін аямады. "Бір кірпішін болса да алыңызшы" деп көмегін созған оқырмандарымда көп болды. Алланың үйіне көмегі тиген әрбір жанға Алла жәннаттан үй сыйласын деп тіледім", - деді ол.
Осы ретте Сара Тоқтамысова мешітті мақтану үшін салмағанын алға тартты. "Ақсуатта 3 күн қатарынан дүбірлі той өтіпті.
"Мешіттің ашылуын тура осы күндерге қояйық, сырттан келетін әнші-ақындар көріп кетеді" деген ақылшылар көп болды… Бас тарттым. Себебі мешітті мақтану үшін, мақтан үшін ашып жатқанымыз жоқ. Атымды шығара алмай жүрген адам емеспін. Алла көріп тұр . Ең бастысы сол.
Менің ниетім ауылым қуанса болды . Мешіт салынған жерге Алла береке беріп қояды дейді. Ауылым берекелі ауылға айналса екен деп армандаймын . Ниетім осы мешітті ашып берсек, балалар намаз үйренсе екен деймін .Үлкендер құбыланы тауып, иманға жақындаса деймін. Дәл жолдың бойына жақын бұл мешіт. Көлікпен өткен-кеткен жолаушы маңдайын сәждеге тигізсе деймін", - деді айтыскер.
Сіздің реакцияңыз қандай?