«Біреуі – 120 млн теңге»: Министр өрт сөндіретін дрондар сатып алмақ

Қараша 12, 2024 - 12:42
Қараша 12, 2024 - 12:59
«Біреуі – 120 млн теңге»: Министр өрт сөндіретін дрондар сатып алмақ
Фото: istockphoto.com

Үкіметтегі баспасөз брифингінде төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрт сөндіретін дрондардың бағасын айтты, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов елде қытай дрондары өндірілетінін жеткізді.  

«Бұл – пилоттық жоба. Елімізде Қытай дрондарын өндіреміз. Жұмысты қазақстандық фирма істейді. Бір дронның бағасы – 120 млн теңге төңірегінде. Оның қандай ерекшелігі бар? Дрон 150 метрге дейін көтеріліп, өртті сөндіре алады. Оны кез келген өрт сөндіруші көлікке жалғап, «рукавын» тартып, өрт сөндіру жұмысын істей алады. Біз үшін бұл - үлкен тәжірибе. Ары қарай тағы да жетілдіреміз. Алматы қаласында да биік ғимараттар бар. Біз оларды (дрондарды енгіземіз). Ол да әлемдік тәжірибе», - деді ол.

Министр өз сөзінде өндіруші фирма өрт сөндірушілерге дронды басқаруды үйрететінін айтты.

«Иә, жаңағы фирма келісімшарт бойынша біздің қызметкерлерді (дронды пайдалануды) үйретеді», - деді Әрінов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow