«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды

Қыркүйек 26, 2024 - 16:13
Қыркүйек 26, 2024 - 16:14
«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды

23 қыркүйекте Алматыда «Тұлпар» IV ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Байқауда «Үздік фильм» номинациясы бойынша Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі жеңімпаз атанды, деп жазады Sadaqmedia.kz.

Байқау шартына сәйкес, бұл аталымда үздік шыққан фильм «Оскар» сыйлығына International Feature Film номинациясы бойынша ұсынылады.

Осылай, «Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды.

«Бауырына салу» — кезінде өзін әжесінің бауырына салып берген, содан әке-шешесі үшін бөтенге айналған баланың жан күйзелісі жайлы фильм.

Көркем фильмнің премьерасы өткен жылы Сан-Себастьян Кинофестивалінде өтті. Бұл Кучинчирековтың режиссер ретіндегі толықметражды дебюті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow