«Талибан» қозғалысы бақылап отыр»: Ауған телеарнасы қазақ қыздары туралы жазды
Ауғанстанның тәулік бойы хабар тарататын «Afghanistan International» халықаралық телеарнасы «Ауғанстанға аттанамыз» деген жас қыздар жайлы материалды аударып, таратқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Телеарнаның Instagram-дағы парақшасында 509 мың оқырман бар.
«TikTok желісінде 7 қазақстандық қыздың әрекеті қызу талқыға түсті», - деп жазған олар.
Тағы оқыңыз: «Таңертең Ауғанстанға аттанамыз»: желіде қара хиджаб киіп, көк ту жамылған жас қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)
Сондай-ақ телеарна бұл адамдардың Ауғанстанға сапары «Талибанның» бақылауында екенін жазған.
«Әзірге бұл ықпалды адамдардың» Талибан» бақылауындағы Ауғанстанға келгені туралы ақпарат жоқ. Жалпы, көп адам Ауғанстан туралы осылай жазса, танымал боламын деген болжамға сүйенеді. Сондықтан TikTok-та көрермен мен пікірлер көп», - деп қосқан телеарна.
Еске салсақ, қара хиджаб киіп, көк туды жамылған қыздардың әрекеті желі қолданушыларының үрейін тудырған еді. Желіде мұндай әрекет жасағандарға қандай да бір жаза бар ма екені жайлы Ішкі істер министрлігіне сұрау жолданды. Әзірге жауап жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?