Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің үстінен сотқа арыз түсті
Бұл – Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға.
Экс-имам Бас мүфтиді сотқа берді! Бұл – Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға.
ҚМДБ-ның жарғысымен жүрмейтін Бас мүфтидің «екі аяғын бір етікке тығуға» бола ма?
Экс-имам Тұрар Құсайын ҚМДБ жарғысын бұзып жүрген Бас мүфти Наурызбай Өтпеновті сотқа беріпті. Сот істі қараудан бас тартты. Мұның дұрыс яки бұрыс екенін әзірге айта алмаймын. Дегенмен, экс-имамның «құлағына алтын сырға» - Қазақстан әлі құқықтық мемлекет бола қоймағанын еске салғым келеді. Тіпті, ҚМДБ сияқты қоғамдық ұйымның басшысын орынтағынан ысыру немесе қоғамдық ұйымның жұмысына тыйым салу саяси биліктің шешіміне байланысты.
Тұрарбек, есіңде шығар, соғыстан зардап шеккен украин халқына көмектесу үшін қоғамдық ұйым құрдың. Сол ұйымды жарғысмен бірге «ҚР заңына сәйкес» деп Әділет министрлігі тіркеді. Үш-төрт айдан кейін дәл сол Әділет министрлігі сені сотқа беріп «тіркелуінде қателік бар» деген сылтаумен сол ұйымды жапты. Бұл жоғарыдан шығарылған саяси шешімнің нәтижесі екені анық.
Тұрарбек, рас, сен де Н.Өтпеновті ҚМДБ жарғысында көрсетілген Бас мүфти лауазымына сәйкеспейтіні жөнінде және мүфтияттың заңға қайшы әрекетін тізімдеп Әділет министріне бірнеше хат жолдадың. Қайрат Жолдыбайұлы, Асқар Сабдин секілді білікті дінтанушалар жарғыға сәйкеспейтін Өтпеновті Бас мүфтиліктен кетіріп, мүфтиятқа реформа жасау қажеттігін айтудай-ақ айтты.
Көріп-біліп отырғанымыздай, қоғамдық ұйымдарды тіркеуге алып, оның жарғыға сәйкес қызмет етуін қадағалайтын Әділет министрлігі Н.Өтпеновке ешқандай шара қолданбады. Яғни, ҚМДБ-ны түбегейлі реформалау және бас мүфти діни лауазымын демократиялық принциппен жазылған жарғысына сәйкестендіруге саяси билік әзірге мүдделі емес. Автократиялық билік ҚМДБ-ның да өзінен ерекшеленбей автократиялық принциппен жүре бергенін қалайды, яғни заңды да, жарғына да бұзып жүрген бас мүфтидің «екі аяғын бір етікке тықпайды».
Мұндай жағдайда мүфтиятты реформалағысы келетін дінтанушылардың мемлекетттік функциясын, атап айтқанда ҚМДБ мен оның басшысын жарғысына сәйкестендіру бойынша міндетін атқармай отырған Әділет министрін сотқа тартудан басқа амалы жоқ. Содан бір нәтиже шығады-ау...
Менікі болжам ғой, анығын Ақорда біледі.
Журналист Ораз Әлімбековтің facebook пaрaқшaсынан
Сіздің реакцияңыз қандай?