«Балаларды саған сеніп тапсырамын»: Тасқынмен күресуге кетіп, табытпен оралған құтқарушының әйелі жары туралы айтты
Бекжан Балданов жұбайымен екі қыз, үш ұл тәрбиелеп өсірді. Ең үлкені 17 жаста, кішісі небәрі төрт жаста.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынымен күресу үшін барған өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №6 өрт сөндіру бөлімшесінің командирі жүрек талмасынан көз жұмды. Оның отбасы қазір қайғыдан қан жұтып отыр. Бұл туралы Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Otyrar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысы Қарасу ауылының тұрғыны Бекжан Балданов 2 сәуірге қараған түні жүрек талмасынан мерт болды. Жұбайы Индираның айтуынша, Бекжан Тайыншаға 1 сәуірде Түркістан облысынан су тасқынымен күресу бөлімшесінің құрамымен келді. Дабыл қағылғандықтан, күйеуі таңертең таңғы асын да ішпей, заттарын шұғыл жинап, асығыс сапарға аттанған.
"Ол заттарын алып, үйден шығып кетті. Мен оған "өтініш, отыр, бір-екі кесе шай іш" дедім. Ол маған "жоқ, газель жолға шықты" деді. Жұмысына әрқашан жауапкершілікпен қарады. Ол суда да, отта да бола білді, бірақ мұндай жағдай болатынын елестете де алмадық! Өйткені оның денсаулығында кінәрат болған жоқ, ол ешқашан жүрек ауруына шағымданбаған. Зейнетке шығар уақытын санап жүрген. Кетер кезде "Бекжан, не үшін барасың?" дедім. Ол “Жұмыс осындай, балаларымызды саған сеніп тапсырамын" деді”, – дейді марқұмның әйелі Индира Наурызбаева.
Марқұм бала кезінен өрт сөндіруші болуды армандаған. Ол өз жұмысын адал атқарып, сол үшін бірнеше рет марапатталған. Сайрам ауданындағы №6 өрт сөндіру бөлімінде марқұм Бекжан Балданов 20 жылдан астам жұмыс істеген. Әріптестері оның батыл, жанашыр, әділ болғанын айтады.
"Бекжан Балданов әрқашан жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын! Оған сенім артуға, сенуге болатын, ол өзінің функционалдық міндеттерін әрқашан жоғары деңгейде атқарды. Өртті дұрыс сөндіре білген, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсеткен. Оның шкафы, онда ол өзіне қажетті заттарды сақтаған. Бұл ол туралы естелік ретінде қалады. Бекжан аға екеуміз түскі асты асханада бірге іштік. Жас құтқарушылар да бізбен бірге тамақтанды. Оларға бағыт-бағдар беріп, өртті қалай дұрыс сөндіру керегін айтты. Ол жүрегі үлкен, жастарға ақыл-кеңес беретін адам еді", – деді Сайрам ауданы №6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Бақыт Нұрлыбеков.
Марқұмның әріптестері Бекжан Балдановтың әзілқой, көңілді болғанын атап өтеді. Іссапар алдында да прапорщик бүкіл өрт сөндіру бөлімінің көңіл-күйін көтеруге тыратын дейді. Отряд бастығының қиын жағдайда әрқашан кәсібилігін көрсетіп, ешнәрседен қорықпайтыны оның жолдастарының есінде.
"Біз 20 жылдан астам уақыт бірге жұмыс істедік. Ол жадымызда мәңгі сақталады. Онымен жұмыста тату-тәтті болғанымыз сонша, отбасы ретінде араласатынбыз. Менің өмірімді Бекжан сақтап қалған оқиғаны айтқым келеді. Қоңырауға құлақ асып, өртті сөндірдік. Төтенше жағдай орнында жұмыс істеп жүрдім, шаршағандықтан, қауіпті жағдайды байқамадым. Бір кезде Бекжан мені ғимараттан алып шықты. Бір секундтан кейін төбе құлады. Ол менің өмірімді сақтап қалды", – деді Сайрам ауданындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Ықтияр Тәжіқұлов.
Бекжан Балданов туған жерінде жерленді. Батырдың рухына тағзым ету үшін марқұмның әріптестері оның денесін Шымкент әуежайында қарсы алды. Автокөлікпен Қарасу ауылына өрт сөндіру көліктерінің кортежі барған.
Бекжан Балданов жұбайымен екі қыз, үш ұл тәрбиелеп өсірді. Ең үлкені 17 жаста, кішісі небәрі төрт жаста. Үш ұлы да болашақта әке жолын қуып, осы мамандықты таңдағысы келеді. Марқұм көпбалалы отбасының жалғыз асыраушысы болған, қазір Бекжанның туыстары материалдық көмекке зәру.
Көмектесем деушілер үшін реквизиттер:
KASPI BANK: 8 705 548 54 03 БАҚЫТЖАН Б.(марқұмның ағасы)
KASPI BANK: 4400 4302 9609 4821 БАҚЫТЖАН Б.
Байланыс телефоны: 8 705 548 54 03 БАҚЫТЖАН Б.
Сіздің реакцияңыз қандай?