«Қатты қиналдым»: ақын Бақыт Беделхан әйелі жол апатына түскеннен кейін өмірі қалай өзгергенін айтты

Әйеліме сөз тимесін деп жағамды кірлетпедім.

Наурыз 18, 2024 - 14:28
Наурыз 18, 2024 - 14:30
«Қатты қиналдым»: ақын Бақыт Беделхан әйелі жол апатына түскеннен кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Ақын Бақыт Беделханның жұбайы, актриса Айзада Сатыбалдиева осыдан бірнеше жыл бұрын ірі жол апатына түскен болатын. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында әйелінің басынан өткен ауыр жағдай отбасына қалай әсер еткенін айтты, деп жазды nur.kz.

"Танысқанымызда Айзада 16 жаста еді. 17 жаста арқа-жарқа той өтті. Құдай сондай жүкті көруді бұйыртқан шығар. Құдайға күпірлік жасай алмайсың. Алтынымды алақаныма қайта салып берген Құдайға шүкірлік етпегенде не істеймін? Оның қиындығын көтермегенде не істеймін? 16 жастан бірге болғасын, бір үйдің адамындай өстік. Осы уақытқа дейін ер де болды, әйел де болды. Енді ол ауырып жатқанда, мен де әйел де, ер де болуға тиіспін деп ойладым. Бұл сынақ кезінде жазушылар одағының төрaғасының орынбасары едім. Халықпен күнде кездесемін, сұқбат беремін, елдің алдында жүремін. Өзіме де күш, қолдау керек болды. Бірақ сынбауға уәде бердім.

"Әйелі осы жағдайға түскесін, Бақыт осындай болыпты" демесін деп, Айзадаға сөз тимесін деп жағамды кірлетпедім. Ол кезде ұлым 10-сыныпты бітірген, қызым колледжді аяқтап, ЖОО-ға түсіп жатыр еді. Осының бәріне жалғыз жүгіруге тура келді. Айзаданың басына тиген соққыдан кейін шуды көтермеді. Оған үйде жату ауыр болды", – деді Бақыт Беделхан. 

Ақынның айтуынша, арада 5 жыл өткенде актриса қайта спектакльде ойнай бастаған.

"Осы жағдайдан кейін 5 жыл өткенде, спектакльге шықты. Өзі жеке рөл алды. Дәрігерлердің айтуынша, оған тыныштық, таза ауа, жақсы орта керек болды. Соның нәтижесі шығар. Жаман емес. Менің бөлек тұруыма тура келген кездер де болды. 1-3 ай. Сол кезде қатты қиналдым", – деді Бақыт Беделген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow