"Бәсе" youTube-арнасының авторларына іздеу жарияланды
Қазақстанда "Бәсе" youTube-арнасының авторлары – Айдос Садықов пен Наталья Садықоваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
54 жастағы Айдос Садықов пен 37 жастағы Наталья Садықованы іздеу туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды. Олар 2023 жылдың 23 қазанынан бері іздеуге жарияланып отыр.
Ал Ішкі істер министрлігінің бұқаралық ақпарат құралдарына берген мәліметіне сүйенсек, Айдос және Наталья Садықоваларға Қылмыстық кодекстің 174 бабы бойынша, яғни, «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша айып тағылып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?