Бір жыл бұрынғы апат: Риддер жылу электр орталығының бұрынғы басшылары ақша жымқырған

Қазан 24, 2023 - 10:34
Қазан 26, 2023 - 08:16
Бір жыл бұрынғы апат: Риддер жылу электр орталығының бұрынғы басшылары ақша жымқырған
Сурет

Риддер жылу электр орталығының бұрынғы басшылығы қазандықтарды күрделі жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz. Бұл туралы бүгін қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты істі ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. Олар алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырып, аса ірі көлемде мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген деген күдікке ілінді», - деп хабарланған ақпаратта. 

Айта кетейік, былтыр қараша айында Риддер қаласының халқы жылусыз қалған еді. Өйткені, қаланы жылытатын қазандықтар әбден тозып кеткен. Тергеу барысында анықталғандай, жылу электр орталығының басшылары сол тозған қазандықтарды жөндеуге берілген ақшаны ұрлап отырған. 

«2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісім-шарттар жасап, уәкілетті органға жалған есеп ұсынған», - деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

Дереккөз үстінен іс-қозғалған азаматтардың аты-жөнін атаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow