Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған

Өңірде Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарала бастады.

Қыркүйек 11, 2024 - 17:42
Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған
Фото: Pixabay.com

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Өңірде Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарала бастады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады.

Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпай отыр.

"Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын", – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow