Ақтаудағы иттердің өлекселерін өртеген видео жұртты шошытты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде бұл жайт қызу талқыға түсіп жатыр.

Ақпан 27, 2024 - 21:01
Ақпан 27, 2024 - 21:02
Ақтаудағы иттердің өлекселерін өртеген видео жұртты шошытты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев облыс орталығының маңында иттердің өлекселері өртеліп жатқан видеоны жариялады. Оның пікірінше, олар - атылған жануарлар, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жергілікті блогер мына көріністен соң жантүршігерлік сезім туғанын және бұл жағдайға халықтың жауапкершіліксіздігі де себеп екенін айтты.

"Еуропадағыдай, Түркиядағыдай немесе Дубайдағыдай емес деп шағымданғанды жақсы көреміз… Неге екенін айтайын, өйткені көпшілік айналамыздағы иттермен, мысықтармен, құстармен және т.б. бірге өмір сүре алмайды. Еуропада әр адам жануарды қолға үйретпес бұрын мың ойланып, толғанып, жауапкершілік алады.

Бізде жануарлардың өміріне маңызды нәрсе ретінде қарамайды. Ойыншықпен ойнап, лақтырып тастағандай. Содан кейін ол ойыншықты еріктілер көшеден тауып алып, зарарсыздандырады, қорғайды, ең жаман жағдайда итті атып тастап, қаланың шетінде өртеп жібереді… Шынымды айтсам, бұл көріністі көргеннен кейін бірден жантүршігерлік сезім пайда болды", - дейді ол.

Әлеуметтік желіде бұл жайт қызу талқыға түсіп жатыр. Көпшілік мұны "қатігездік" деп мұндай шараға наразылық білдіруде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow