Көкпар. Қазақстан Өзбекстанды 16:0 есебімен жеңді

Қыркүйек 9, 2024 - 14:05
Қыркүйек 9, 2024 - 13:29
Көкпар. Қазақстан Өзбекстанды 16:0 есебімен жеңді
фото: ultsport.kz

Көкпардан Қазақстан құрамасы мен Өзбекстан құрамасы сынға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстары жалғасып жатыр. Көкпар ойындары бойынша шеңберге ойнаудың алғашқы жұбы алаңға шықты.

Қазақстан құрамасы:

  1. Құрманбек Тұрғанбек 2. Дәулет Айтан 3. Бақытжан Әзімбай 4. Арман Жамалбек 5. Абылайхан Нышанбеков 6. Құлажан Тоғайбаев 7. Елдос Асыл 8. Ернар Жарылқасын 9. Ернат Мәлімбай 10. Ұлан Байтөреев 11. Есжан Құрманбай 12. Әділет Мамыт

Команда жетекшісі - Нұрдәулет Момынов, команданың бас жаттықтырушысы - Ақылбай Манкеев.

Өзбекстан құрамасы: 1. Jonishev Kurmo 2. Turgunov Azizbek 3. Dushaev Avazbek 4. Mullaboev Otabеk 5. Ergashev Islomjon 6. Ibragimov Akbarjon 7. Rakhimboev Pakhlavon 8. Ibrahimov Murodulla 9. Kunishev Shokhrukh 10. Berkinov Fazliddin 11. Bekmuratov Azimbek 12. Janishbekov Zoirbek

Команда жетекшісі: Adkhamov Ravshanbek Команданың бас жаттықтырушысы - Аltaev Баhrом

Қазақстан құрамасының капитаны Құрманбек Тұрғанбек ойынның екінші минутында есеп ашты. Осыдан бастап біздің жігіттер ойын тізгінін өздері ұстады. Алаң иелері алғашқы ойынды тақымжазар, ет қыздырар жаттығу ретінде өткізді десек те болады. Екі таймға созылған додада Қазақстан құрамасы есепті 16:0-ге жеткізді.

Салым салғандар: Құрманбек Тұрғанбек - 4, Бақытжан Әзімбай - 1, Арман Жамалбек - 1, Абылайхан Нышанбеков - 3, Ернар Жарылқасын - 3, Ернат Мәлімбай -2, Ұлан Байтөреев - 2, Әділет Мамыт -1. Дәл қазір Ресей құрамасы мен Қытай құрамасы арасында жарыс өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow