«Айнымаған президент»: желіде Тоқаевқа ұқсайтын ер адамның видеосы тарады

Желі қолданушылары да ер адам мен мемлекет басшысының өзара ұқсастығын жарыса жазып жатыр.

Тамыз 20, 2024 - 12:13
Тамыз 20, 2024 - 12:13
«Айнымаған президент»: желіде Тоқаевқа ұқсайтын ер адамның видеосы тарады
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатты ұқсайтын ер адамның видеосы тарап, ел назарын аударды. Желі қолданушылары ер азаматтың президентпен өзара ұқсастығына тәнті болған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Аталмыш видео Instagram желісінде пайда болған. Бейнежазбада тойда ортаға билеп шыққан ер адамның асабаны қатты таңғалдырғанын байқауға болады. Той жүргізушісі оған президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатты ұқсайтынын бірден айтты. Белгілі болғандай, президенттен айнымайтын азаматтың есімі — Ерғали.

Желі қолданушылары да ер адам мен мемлекет басшысының өзара ұқсастығын жарыса жазып жатыр.

«Расымен ұқсайды екен», «Айнымайды ғой», «Туысы шығар», «Мәссаған, қандай ұқсастық», «Таңғалып тұрмын. Бір қарағанда сол кісі секілді», «Айнымаған президент», «Недеген ұқсастық десеңші», «Досаевқа да келетін тұстары бар екен», «Қасым-Жомарт Досаев», «Қатты ұқсайды», — деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow