«Аузынан көбік ағып жатыр»: Алматыда 10 жастағы оқушы мектепте көз жұмды (ВИДЕО)

Маусым 6, 2024 - 11:49
Маусым 6, 2024 - 11:52
«Аузынан көбік ағып жатыр»: Алматыда 10 жастағы оқушы мектепте көз жұмды (ВИДЕО)

Алматы маңындағы Қошмамбет ауылында 10 жастағы оқушы қыз мектепте қайтыс болған. Күтпеген жерден қыздарынан айрылған отбасы бұл жағдайды «жұмбақ өлім» деп атап, «Көреміз» бағдарламасына көмек сұрап келген, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы .

Мөлдірдің әжесі Гүлбахар Далдабайқызы кінәлілер жазаланып, оқиғанын қалай болғаны анықталса дейді. Жақында ғана 10 жасқа толған немересін бір жарым жасынан бастап әжесі бағыпты. Тіпті өзін "мама" деп атайтын көрінеді. 

«Таңғы 7-де мектепке баратын автобуспен шығып кетті. Содан кейін шаруаларыммен Ұзынағашқа кеткенмін. Сағат 11:10-да сынып жетекшісі Айгерім хабарласып, «тез жетуіңіз керек, Мөлдірдің талма ауруы ұстап жатыр» деді. Осы уақытқа дейін ешқандай аурумен ауырмаған. Жолда келе жатып, 11-сыныпта сол мектепте оқитын қызым Жұлдызға хабарластым. Бірақ ол телефонын алмады. Сосын қызымның сынып жетекшісіне хабарласып, «қызымды Мөлдірдің сыныбына жібер, ауырып жатыр екен» дедім. Қызым барса, мұғалімдері оны ішке кіргізбепті", - деген ол сол мектепте оқитын қызы сіңлісінің қимылсыз жатқанын көрген дейді. Ал мұғалімдері болса, әпкесін бауыры жатқан бөлмеден шығарып жіберіпті.

«Ендігі мақсат - кінәлінің жазалануы» деген әжей қызын ол бөлмегеден шығарып жібергені әлі күнге түсініксіз дейді. 

«Оң жақ қырынан жатқызып қойған. Аузынан көбік ағып жатыр. Астына қоқыс жәшігін қойған. Соған көбігін ағызып қойған аузынан. Қасында 6-7 мұғалімдей болды. Сосын медбике болды. Сіңлімнің денесі қимылдамайды. Қорқып кетіп, қасына бардым да «Мөлдір, тұршы, сенің Жұлдыз тәтең келді» дедім. Сосын көзін аштым. Көзі қимылдамады»,- деді ол.

Ал марқұмның сынып жетекшісі болса, дәл сол күні түлектер суретке түсіп жатқан. Оқиға аяқ асты болды дейді.

«Апай, ішім ауырып тұр» деп қисайып қалды. Фотограф «апай, мына қыздың денесі құрысып жатыр, медбикені шақырып келіңізші» деді. Медбике келді де ауыз қуысын бинтпен сүртіп алды. Келесі бос кабинетке ауыстырдық та, киімін, шашын бәрін ағытып тастадық. Мама, деп медбикенің қолын ұстағанын көрдім. 11:08-де Жедел жәрдем шақырдым. Олар жарты сағаттан аса уақытта, 11:41-де келді. Жедел жәрдем келгенде Мөлдірдің тамырын таба алмады. Сосын "кислородқа саламыз" деп төменге алып кетті», - деді сынып жетекшісі Айгерім Амалбек.

Ал жедел жәрден жетем дегенше қыз бала қайтыс боп кеткен. Қазіргі таңда Қарасай аудандық полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беріледі. Бұл қылмыстық іс менің жеке бақылауымда», - деді Қарасай аудандың полиция бөлімінің басшысы Елзат Қанатұлы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow