«Атырау қаласының әкімі қайтыс болды»: жедел штаб ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Шәкір Кейкин жедел штабтың жиынысына қатысқан.

Сәуір 20, 2024 - 10:49
Сәуір 20, 2024 - 10:51
«Атырау қаласының әкімі қайтыс болды»: жедел штаб ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Атырау облысының жедел штабы

Атырау қаласының әкімі қайтыс болды деген жалған ақпарат тарады. Облыстық жедел штаб бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдай режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін еске саламыз.

Қазір құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеумен айналысуда», -деп хабарлады облыстық жедел штаб. 

Облыстық жедел штабтың ақпаратына қарағанда, Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин жедел штабтың жиынысына қатысқан. Әкім Атырау қаласындағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow