Астананың маңында бірнеше жаңа ауыл құрылмақ

Мұндай шешімді Ақмола облыстық мәслихаты қабылдап, облыстық әкімдік қаулы етті.

Маусым 6, 2024 - 17:29
Маусым 6, 2024 - 18:09
Астананың маңында бірнеше жаңа ауыл құрылмақ
Фото: inbusiness.kz

Астана іргесінде, Ақмола облысының Целиноград ауданында Қаражар, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин жаңа ауылдары құрылып, бұған дейін ауылдық округ болып келген Талапкер аты өзгерместен ауылға айналады. Мұндай шешімді Ақмола облыстық мәслихаты қабылдап, облыстық әкімдік қаулы етті, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылды. Қаражар ауылы ауданға қарасты Қараөткел ауылдық округінің құрамынан бөлініп шығатын болса, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин ауылдары Талапкер ауылдық округінен бөлінеді. 

Қаражар ауылы Астана қаласынан бар болғаны 3 шақырым, ал Ыбырай Алтынсарин ауылы 5 шақырым жерде орналасқан. Қажымұқан ауылының орны сәл алысырақ, 13 шақырым жерде. Аталған ауылдардың ең ірі – Қаражар ауылы, мұнда 2500-ден астам адам тұрады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow