Астанада жұмысшы краннан құлап, қайтыс болды (ВИДЕО)

Мамыр 31, 2024 - 10:49
Астанада жұмысшы краннан құлап, қайтыс болды (ВИДЕО)

Астанада құрылыс алаңдарының бірінде оқыс жағдай болды. Жұмыс кезінде жұмысшы краннан құлап, қайтыс болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

«Оператор краннан түсу кезінде құлап, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осы факті бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow