Атырауда ұлы 70 жастағы анасын өртеп жіберген

Қыркүйек 26, 2024 - 16:58
Қыркүйек 26, 2024 - 16:58
Атырауда ұлы 70 жастағы анасын өртеп жіберген

30 жастағы жігіт ішімдік ішіп, анасымен жанжалдасқаннан кейін анасының үйін өртеп жіберген. Үй ішінен 70 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұмның мәйітін өрт сөндірушілер тапқан.

Жігіттің аяқ-қолы күйіп, ауруханаға жатқызылған. Оған «адам өлтірді» деген айып тағылып отыр.

23 қыркүйекте Қарағанды соты 78 жастағы анасын аямай ұрған экс-әкімнің ұлын 3 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сондай-ақ миллион теңге моральдық шығын өтейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow